00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Бишімбаев ісі: Сот отырысында фото мен видеоға түсіруге тыйым салынды

27.03.2024 | 12:55
115

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Жоғарғы соттық баспасөз қызметі өкілі Перизат Сәдуақас айтты.

Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылады. Осыған орай, кеше алқабилер алқасына іріктеу тәртібі түсіндірілді. Қазақстан Республикасының соты ең алдымен істерді заңдылық, заң мен сот алдындағы барлығының теңдігі, тараптардың теңдігі және ашықтық қағидаттарын сақтауға бағытталғанын атап өткім келеді. Өздеріңізге мәлім, Қ.Бишімбаевқа қатысты сот талқылауына қоғамның қызығушылығының артқанын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарынан ашық онлайн-трансляция ұйымдастыру туралы шешім қабылданды, - деді өкіл.

Онлайн-трансляция арқылы кез келген адам, соның ішінде БАҚ өкілдері бұл сот процесінің барысын бақылай алады.

«Бұл шешім сот талқылауының ашық әрі жариялы болғанын және жалғасатынын білдіреді. Естеріңізге сала кетейін, істің алдын ала тыңдауы да ашықтық қағидаты сақтала отырып өтті. Процеске қатысушылардың және қатысуға ниет білдірушілердің көптігін ескере отырып, отырыстан онлайн-трансляция жүргізілетін қосымша екі зал ұйымдастырылды, - деді Перизат Сәдуақас.

Сот отырысында фото мен видеоға түсіруге тыйым салынды.

«Алқабилер алқасын ықтимал қысымдардан қорғау, соның ішінде олардың жеке басын анықтауға жол бермеу үшін алқабилер алқасын фото және бейнежазбаға түсіруге жол берілмейді;Залда жүруге, процесс аяқталғанша залдан шығуға, шу шығаруға, сөйлесуге (бір-бірімен, телефонмен), процеске қатысушылардың назарын бөлуге болмайды, - деді өкіл.

 

Барлық жаңалықтар