00:00
Астана -10oC
USD:
441.41
EUR:
477.78
RUB:
4.84
Іздеу

Сиань - Алматы жолаушылар пойызы қатынайды

29.04.2024 | 10:15
86
Қытайдың Сиань қаласынан Алматыға жолаушылар пойызы қатынайды
Фото: дереккөз

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылары және Сиань қаласы үкіметінің (ҚХР) делегациясы қызметтік кездесу барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосуды ұйымдастыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады Elorda.info.

Туристік пойыздың жүруі «Үрімші - Алматы-2» қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұл пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн тұрақтайды. Осы уақыт ішінде қазақстандық тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қолданып, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

Барлық жаңалықтар