Жарқын болашақты құруда берік ынтымақтастықта болуымыз қажет – депутат
Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінен біз еліміздің жарқын болашағына апаратын нақты траекторияны анықтай аламыз, деп хабарлады Elorda.Info.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Магерам Магераев айтты.
Бірлік – көптеген ұлттардың Отаны болған мемлекет үшін ерекше күш көзі. Біз тарихы бір, бүгіні ортақ және жарқын болашақты құруда берік ынтымақтастықта болуымыз қажет. Бірлік, дәстүрлі құндылықтардың мызғымастығы, жалпыұлттық бірегейлік – біздің қоғамның өзегін құрауы тиіс, - деді М.Магераев.
Депутат, Мемлекет басшысы атап өткендей, құрылтайда баяндалған жалпыұлттық доктрина немесе платформа азаматтық қоғамның барлық жетекші институттарының қолдауына ие болған жағдайда ғана толық күшіне енетінін айтты.
Тек ортақ күш-жігерімізбен біз халқымызға төнген жалпыұлттық трагедияны «жоғалған уақыт» дәуірі мен ойдан шығарылған жетістіктер кезеңінің аяқталуын білдіретін белгіге айналдыра аламыз, - дейді мәжілісмен.