00:00
Астана -10oC
USD:
440.9
EUR:
475.95
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада SUPER Bol жобасының іріктеу кезеңі басталды

29.04.2024 | 08:32
139
 Елордада SUPER Bol жобасының іріктеу кезеңі басталды
Фото: дереккөз

Super Bol - футбол жобасы үшінші жыл бойы еліміздің ең талантты жас ойыншыларын анықтауда, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Астана мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды

Елордада әр түрлі жастағы 600 қатысушының мықтылығын анықтайтын жобаның іріктеу кезеңі басталды. SUPER Bol жобасының басты мақсаттарының бірі футболды Қазақстанда спорттық пән ретінде танымал ету. Реалити-шоудың бірегей форматын құру арқылы жоба кең аудиторияның назарын осы спортқа аударуға тырысады, оның тартымдылығын, серпінділігі мен эмоционалдылығын көрсетеді, - деді Е, Каналимов.

Ол сонымен қатар биыл Шымкент қаласында өтетін финалдық жарысқа елімізден бөлек Өзбекстан, Қырғызстан жас футболшылары да қатысатынын атап өтті.

Қатысушылардың кастингі жобаны ұйымдастырушылардың кәсіби тобы әзірлеген іріктеудің бірегей жүйесі мен әдістемесі бойынша жүргізіледі. Биыл 10-11 мамырда Шымкент қаласында өтетін финалдық жарыстарға Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген жас футболшылар қатысады. Бүгін депутаттық корпус бойынша әріптесім, елордалық футбол федерациясының президенті Давид Лорияның шақыруымен іріктеу сайысына қатысып, жас спортшыларды қолдадым, - деп жазды елорда мәслихатының төрағасы.

Барлық жаңалықтар