00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Нұрдәулет Жұмағали әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

02.08.2023 | 08:00
61

Англияда өтіп жатқан паражүзуден әлем чемпионатында қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали күміс медальді жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info

Ол чемпионаттың финалында брасс әдісімен жүзуден 100 м қашықтықты 1:05.16 уақытта бағындырды. Дистанцияны бірінші болып неміс спортшысы Енгел Талисо 1:03.26 уақытымен келсе, үшінші болып АҚШ спортшысы Давид Абрахамс 1:05.55 уақытымен аяқтады. 

Айта кетсек, паражүзуден әлем чемпионаты шілденің 31 мен тамыздың 6 аралығында Англияның Манчестер қаласында өтуде. 

Жарысқа 67 мемлекеттен 600-ден астам спортшы қатысуда. Әлем чемпионатында ел намысын бес спортшы қорғауда: Нұрдәулет Жұмағали, Сиязбек Далиев, Андрей Афанасьев, Наталья Звягинцева және Роман Потапов.

Барлық жаңалықтар