00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Алматы-Атырау бағыты бойынша қосымша пойыз жүреді

18.04.2024 | 11:51
75
пойыз
фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Су тасқыны қаупі бар аймақтардан тұрғындарды тасымалдау үшін «Алматы-Атырау» және кері бағытта 1 рейске қосымша пойыз жүреді. Бұл туралы Elorda.info «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

 №215/216 «Алматы-Атырау» пойызы келесі кестеге сәйкес қатынайды:

-Алматыдан 19 сәуірде сағат 13:40-та жөнелтіліп, Атырауға 21 сәуірде сағат 15:32-де келеді;

-Атыраудан 21 сәуірде сағат 23:16-да жөнелтіліп, Алматыға 24 сәуірде сағат 03:50-де келеді.

Қабылданып жатқан шаралар 700-ден астам жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді.

Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz сайтынан және вокзалдың билет кассаларынан сатып алуға болады.  Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі бойынша алуға болады, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар