00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Жедел жәрдем шақырыңдар дедім» Оқиға күні Байжанбаев телефон соққан дәрігер сотта жауап берді

18.04.2024 | 11:07
56
«Жедел жәрдем шақырыңдар дедім» Оқиға күні Байжанбаев телефон соққан дәрігер куәгер ретінде жауап берді
Фото: дереккөз

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты өтіп жатқан бүгінгі сот процесіне марқұм қайтыс болған күні Қуандық Бишімбаевтың бауыры Бақытжан Байжанов қоңырау шалған дәрігер куәгер ретінде қатысты, деп хабарлады Elorda.info Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

 Бұған дейін сотта Бишімбаевтың бауыры Бақытжан Байжанов мейрамхананың VIP кабинасында болған Салтанат Нүкенованың жағдайы туралы таныс дәрігеріне хабарласқанын айтқан. Сотқа неонатолог Ерсұлтан Сәрсенбаев куәгер ретінде шақырылды - оның айтуынша, оған Байжанов 9 қараша күні сағат 15:00-ден кейін қоңырау шалған.

9 қарашада түскі астан кейін Байжанов телефон соқты. Мен ол кезде ұйықтап жатқанмын. Сағат 15.33-те ол телефон соғып, «адам мас күйінде ұзақ ұйықтай ма? Ішімдік ішкен жеңгем оянбай жатыр», - деді. Мен қанша көлемде  ішімдік ішкенін сұрадым. Ол «Ағам екеуі таңға дейін ішті», деді. Мен нарколог емеспін, бірақ мас болу да қауіпті, жедел жәрдем шақыру, керек дедім. Мен ұйқында тұрған соң, адам оянды ма, жедел жәрдем шақырдыңдар ма?, деп сұрадым. Ол бір көзі қызарып тұрғанын айтты. Маған келе аласың ба деді, мен келе амайтынымды айттым, - деп жауап берді дәрігер.

Сәрсенбаев сонымен қатар Байжановқа ақылы жедел жәрдем шақыруға болатынын айтқан. Бұл шамамен 40 мың теңге тұратынын да жеткізген.

Мен одан сол сәтте марқұм есін жиды ма?, деп тағы  сұрағанымда, ол Салтанат жатқан бөлмеге кіре алмайтынын айтты, - деді дәрігер.

Барлық жаңалықтар