00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада 1 миллион жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр

26.04.2024 | 17:20
151
Астанада 1 миллион жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр
Фото: Қала әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл да елордамызды абаттандырып, көгалдандыру жұмысын ауқымды түрде жалғастырамыз. Шамамен 1 миллион жасыл желек отырғызуды жоспарлап отырмыз. Көгалдандыру тек қаланың қоғамдық және аула кеңістігін ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік нысандардың аумағын да қамтиды.
Елордалық дәрігерлер лейкемиямен ауыратын балаларды қолдау үшін аурухана аумағына ағаш отырғызды. Балаларымыз медициналық орталықтың аумағында серуендеп, көлеңкеде демалуы үшін аумақты жоспарлы түрде көгалдандырамыз. Әр отбасының, әр баланың аурудан құлан-таза айығып кетуін тілеймін!
Мемлекет басшысы елімізді ауқымды көгалдандырудың маңыздылығын атап өтті. Көгалдандыру жұмысы барлық ауданды, оның ішінде елді мекендер мен жасыл желектер жетіспейтін аумақтарды қамтиды. Осылайша, қалада жасыл желекті аралдар көбейеді, - деп жазды әкім.

Барлық жаңалықтар