00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астаналықтар Чернобыль апаты құрбандарын еске алды

26.04.2024 | 12:44
Сабина Кәкімжан
100
Астаналықтар Чернобыль апатының құрбандарын еске алды
Фото: Elorda.info

Астанада Чернобыль трагедиясының құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды, деп хабарлады Elorda.info.

Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу рәсімі бір минут үнсіздіктен басталды. Іс-шараға «Чернобыль Одағы» қоғамдық бірлестігі мен Астана қаласы әкімдігінен өкілдер сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары мен қала тұрғындары қатысты.

Біз бүгін Чернобыль қасіретінің құрбандарын еске алуға жиналып отырмыз. Көптеген азаматтарымыз апаттың салдарын жоюға атсалысты. Қазіргі таңда елордада төрт жүзден астам ардагер тұрады. Олар қаланың қоғамдық іс-шараларына белсенді түрде қатысады және бізбен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқарып келеді. Біз бұл адамдарға әрдайым құрмет көрсетуден жалықпаймыз. Олардың ерліктерін мәңгі есте сақтаймыз, - деді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов.

Қоғам қайраткері Ержан Айтыков қазақстандықтардың алғашқылардың бірі болып көмекке барғанын, олардың көпшілігі апат салдарын жоюға өз еркімен қатысқанын атап өтті.

1986 жылы 26 сәуірде болған Чернобыль апаты – құрбандары адамзатқа тигізген зардабы жөнінен тарихтағы ең ауыр ядролық апаттардың бірі. Осы сәтте қарапайым халық көптеген ерлік жасады – құтқарушылар, еріктілер қараусыз қалған үйлерді тонаудан қорғады, түрлі жағдайларда жан-жақты көмек көрсетті. Сол мазасыз күндерде көптеген қазақстандықтар адамгершіліктің жоғарғы үлгісін көрсетті. Қазір халық су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсеткендей сол уақытта да апатты жоюға қатысты, - деді Ержан Айтыков.

Апатты жоюға қатысушы Иван Ульрих жыл сайын атом электр станциясындағы қасірет құрбандарын еске алатынын айтты.

Мен Черниговта әскери борышымды өтедім. Онда біз қалалар арасындағы байланысты қамтамасыз еттік. Қайғылы оқиға болған кезде біздің мобильді топ полк командирімен бірге Чернобыльға жіберілді. Біз апат салдарын жоюға тікелей қатыстық. Жыл сайын Астанада тұратын барлық қатысушылар сол күндерді және зардап шеккендер мен қаза тапқандарды еске алу үшін осы ескерткіштің жанына жиналады, - деді Иван Ульрих.

Барлық жаңалықтар