00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстанның туризмі тұрпайы, жолдары жұпыны – депутат

02.05.2024 | 15:36
92
Қазақстанның туризмі тұрпайы, жолдары жұпыны – депутат
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев төменгі палатаның жалпы отырысында отандық туризмнің олқылықтарын сынға алды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл ретте ол әсіресе жол сапасына баса көңіл бөлді. Оның айтуынша, еліміздің туризмі тұрпайы, жолдары жұпыны, жарығы мен байланысы, сервистік қызметі жоқтың қасы.

Соның салдарынан табиғаты тамаша аумақтардың игілігін көре алмай келеміз. Өзге елдерде екі қабатты автобус, комфорт такси, лайнермен круиз жасатып жатқанда, бізде дала тұрмақ, қалалар жаңа автобустарға жарымай отыр. Ескірген автобустармен туристерді тасымалдау ұят емес пе?! Бұл көрініс еліміздің беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Біз келген қонақтарға ең жоғарғы деңгейде қызмет көрсетіп, барынша қолайлы жағдай жасағанда ғана елдегі туризмнің дамуына жол ашып, шетелдіктерді тарта аламыз, – деді ол Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына жолдаған депутаттық сауалында.

Барлық жаңалықтар