00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Мароккода Астананың мәдени күндері өтеді

30.04.2024 | 20:01
124
Мароккода Астананың мәдени күндері өтеді
Фото: дереккөзден

Бұл  туралы Астана қаласы мәслихаты депутаттарының Мароккоға барған сапарында белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

Екі елдің астаналары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғаннан кейін елордалық мәслихат депутаттары Мароккодағы «Friginvest» инвестициялық агенттігіне барды. Бұл агенттік еліміздің «Қазақинвест»  сияқты елге инвестициялар тарту үшін барлық жағдай жасайды. Марокко бұл тұрғыда дамыған мемлекет, үш француз автозауытының өкілдіктері бар, сондай-ақ  авиаконструкторлық әзірлемелермен айналысады (Airbus үшін қосалқы бөлшектер шығарады). Сондай-ақ бұл ел әлемдік деңгейдегі киім брендтерін өндіреді. Марокконың еркін экономикалық аймақтары мен технопарктері белсенді дамуда. Сонымен қатар, бұл елдің мұхит пен Еуропаға шығуға мүмкіндігі бар, ал  Гибралтар бұғазы арқылы Испанияға дейінгі қашықтық 14  шақырымды құрайды. Жақын арада елдеріміздің арасында бірлескен бизнес-форумды өткізу жоспарлануда.  Ал биыл қазан айында Рабатта Астана қаласының мәдениет күндері өтеді, - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында  Астана мәслихатының төрағасы, қазақстандық делегация жетекшісі Ерлан Каналимов.

Барлық жаңалықтар