00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

ШҚО-да есігі жоқ көлікті басқарған жастар жазаланды

18.04.2024 | 20:02
48
Жастардың бұл әрекеті кейіннен ғаламтор желісінде кеңінен тараған.
Фото: дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында жастардың ҚР Жол қозғалысы қағидаларын бұзу сәті кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың бейнеролигіне түсіп қалды,деп хабарлады Elorda.info

Жастардың бұл әрекеті кейіннен ғаламтор желісінде кеңінен тараған.

Зайсан қаласы көшелерінің біріндегі жастар алдыңғы және артқы есіктері жоқ көлікпен жүріп, өздері үшін де, айналасындағылар үшін де қауіпті жағдай туғызған. Осы сәт камера объективіне түсіп қалған. Артынан 20 жастағы жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды, - деп жазды облыстық ПД баспасөз қызметі.

ШҚО Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Барлық жаңалықтар