00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

«Заманауи көшпенділер визасы»: Қазақстанда жаңа виза енгізіледі

14.05.2024 | 13:05
143
«Заманауи көшпенділер визасы»: Қазақстанда жаңа виза енгізіледі
фото: ашық дереккөзден

Бүгін Үкімет отырысында туризм саласын дамытудың негізгі шаралары туралы айтылды, деп хабарлады Elorda.info.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстанға келетін шетелдік туристер виза рәсімдеуде түрлі қиындықтарға тап болатынын айтты. Сол үшін қазір министрлік көшпенділер визасын енгізу мәселесін пысықтап жатыр.

Бұл виза NEO Nomad Visa деп аталуы мүмкін. Көшпенділер визасы шетелдіктерге біздің елімізде ұзақ уақыт болу құқығын береді.

«Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шетелдік азаматтарға елде ұзақ мерзімді болу құқығын бере отырып, қазіргі заманғы көшпенділердің визасын енгізу мәселесі қаралып жатыр. Бұл шараны енгізуден күтілетін экономикалық нәтиже жыл сайын 3 млрд теңгеден асады. Қазіргі уақытта Neo Nomad Visa енгізу тетігі әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға жолданды», - деді Ермек Маржықпаев.

Барлық жаңалықтар