00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астаналық бірқатар полицей медальмен марапатталды

03.11.2023 | 05:30
100

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали астаналық гарнизонның бірқатар жетекшілері мен жедел бөлімдерінің ерекшеленген қызметкерлерін «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлады Elorda.info.

Марапатталғандар қатарында Криминалдық полиция басқармасының 2-бөлім бастығы, полиция подполковнигі Данияр Әділов, криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға уәкілі, полиция майоры Сәкен Сайранұлы, криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Асқар Рахимов болды.

Агенттік төрағасы полиция қызметкерлеріне елордадағы мінсіз қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз еткендері үшін алғысын білдірді.

Барлық жаңалықтар