00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Францияда өртенген Нотр-Дам қашан ашылады

31.03.2023 | 21:48
Айман Нығмет
42

Жапония Премьер-министрі Фумио Кисидамен бірге Нотр-дамға барған кезде Франция көшбасшысы Эммануэль Макрон Париж ханымы соборы толығымен қалпына келтіріліп, 2024 жылы ашылатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info Le Parisien басылымына сілтеме жасап.

Соборға келген Фумио Кисида киелі орын өртенді дегенде бүкіл Жапония жұртшылығы үрейленгенін жасырмады. Алайда Жапон кабинетінің басшысы қалпына келтіру жұмыстарының жылдамдығына таң қалды.

Дегенмен тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, қалпына келтіру жұмыстары уақытымен, еш кедергісіз жүргізілсе де, собор 2024 жылдың желтоқсанына дейін ашылмайды.

Сондықтан Жазғы Олимпиадаға келушілер соборға кіріп, оны көре алмайтын сынды. Ойындар Францияда 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін өтеді.

Соборды қалпына келтіру жұмыстарын қадағалайтын генерал Жан-Луи Жоржлиннің айтуынша, қалпына келтіру жұмыстарына кемінде 550 миллион еуро қажет.

Айта кетейік, 2019 жылы сәуірде Францияның әлемге әйгілі символы – Париждің Нотр-Дам кафедралдық соборы өртеніп кеткен еді.

Барлық жаңалықтар