00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Нұр-Сұлтанда тіркелген мүлік иелерінің бірлестігі 200-ге жуықтады

24.02.2023 | 15:10
Елорда ақпарат
40

Бұл ретте бірлестікке баспана иелерінің бірі төрағалық ете алады. Алайда ол көрші-көлемнің басым бөлігінің дауысын жинауы керек.

«Бұл – заң талабы. Басқарудың тек екі формасы бекітілді. Меншік иелерінің бірлестігі немесе серіктестік құру. Яғни, барлық меншік иелері – екі форманың бірін таңдау жөнінде шешім қабылдауы керек», - дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы МИБ орталығының басшысы Гүлвира Әбетова.

Мұндағы басты ерекшелік – есеп-қисап ашық жүргізіледі. Тұрғындар барлық сметалар мен шығындарды үнемі қадағалап отырады. Сонымен қатар төраға тек бір жылға сайланады. Қайта сайлануына да мүмкіндігі бар.

«Бірлестіктердің көбісі өз үйлеріне сандық қосымшалар енгізіп жатыр. Сол арқылы еш кедергісіз бухгалтерлік есепке қол жеткізеді. Меншік иелері жұмыстан бос уақытта қосымшаға кіріп, оған тіркеліп, қандай төлем жасалғанын көре алады», - дейді Гүлвира Әбетова.

Егер мүлік иелерінің бірлестігі жұмысты жүйелі жүргізе алмаса және төрағаны өз бетінше қайта сайлай алмаса, тұрғын үй басқармасына жүгінуі тиіс. Мұндай жағдайда жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі.

«Ең алдымен бізде төртінші бөлім бойынша ескерту жасалады. Ал ол бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», - дейді Есіл аудандық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ернар Қиябаев.

Ондай жағдайлар туындамас үшін қалада мүлік иелері бірлестіктерінің орталығы құрылған. Онда төрағалар мен келешекте бірлестік басқарғысы келетін тұрғындарға кеңес беріледі. Қажетті құжаттарды жинауға, есептер шығаруға көмектеседі. Бұл қызметтердің барлығы тегін.

Барлық жаңалықтар