00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

6 мыңға жуық азаматқа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

24.04.2024 | 16:55
85
6 мыңға жуық азаматқа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
Фото: дереккөз

Жыл басынан бері 5 918 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдар үшін арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Қабылдауға барлығы 6 648 адам өтініш білдірген, деп хабарлады Elorda.info.

Арнаулы әлеуметтік төлемге 2 көзден (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 2 612 адам жүгінді, оның ішінде 2 517 адамға тағайындалды.

АӘТ 4 көзден (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 4 036 адам өтініш білдірген, оның ішінде 3 401 адамға тағайындалған.

Сондай-ақ, 447 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде, 90 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 193 өтініш беруші АӘТ тағайындаудан бас тартылды, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.

Аймақтар бойынша 2 көзден арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды ​​(2 көзден – 462 адам, 4 көзден – 798 адам), Қостанай (2 көзден – 304 адам, 4 көзден – 659 адам) және Шығыс Қазақстан (2 көзден – 235 адам, 4 көзден – 574 адам) облыстарында тіркелген.

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.

Барлық жаңалықтар