00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астаналық ардагерлер қосымша әлеуметтік көмек алады

04.01.2024 | 07:00
91
Фото: gov.kz

Биыл 15 ақпанда бұрынғы КСРО әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 35 жыл толады. Соған орай, Астана қаласының мәслихаты ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысушыларға әлеуметтік көмек беру туралы шешім шығарды

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығаруының 35 жылдығына (2024 жылғы 15 ақпан)  орай Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысушылар ішінен жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін, – делінген шешімде. 

Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Барлық жаңалықтар