00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ауылдық мектептерге 250-дей Starlink терминалдары жіберілді

25.04.2024 | 18:02
85
Ауылдық мектептерге 250-дей Starlink терминалдары жіберілді
фото: дереккөзден

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елдің үш аймағына 250-ге жуық Starlink терминалын жіберді. Осылайша Ақмола облысына 138 терминал, Жамбыл облысына 53 терминал және Жетісу облысына 55 терминал жеткізілді. Осы өңірлерде терминалдарды қосу жақын арада жоспарлануда, деп хабарлады Elorda.info ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы бүгінгі таңда еліміз бойынша 502 ауылдық мектеп Starlink технологиясын қолдана отырып интернетпен қамтамасыз етілген. Терминалдарды орнатқаннан кейін мектептердегі Интернеттің орташа жылдамдығы 200 Мбит/с жетеді.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі облыстық әкімдіктердің сұраныстарына сәйкес су тасқыны аймағындағы өңірлерге 48 Starlink терминалын жіберген болатын.

Барлық жаңалықтар