00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Шымкентте ірі көлемде есірткі саудасымен айналысқан азамат ұсталды

25.04.2024 | 21:02
90
 Шымкентте ірі көлемде есірткі саудасымен айналысқан  азамат ұсталды
Фото: дереккөз

Шымкент қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткі заттарын өткізумен айналысып жүрген Алматы тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elorda.info

 20 жастағы ер адам өзімен бірге қытырлақ картоп (чипсы) қаптамасына салынған синтетикалық есірткіні тасымалдаған.

Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде ұнтақ салынған полиэтилен пакеттер және 150-ден астам есірткі орамасы табылды. Тәркіленген мефедронның жалпы салмағы 3,5 келіні құрады. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр,- деп жазды Polisia.kz сайты

Полиция есірткімен байланысты кез келген заңсыз іс-әрекет заңмен қудаланатынын ескертеді.

 

Барлық жаңалықтар