00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астаналық журналистер экоакцияны қолдады

Экоакция Журналистер аллеясында жалғасын тапты
Фото: Elorda.info

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына журналистер де қолдау көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті мен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті «Журналистер саябағында» тазалық іс-шарасын ұйымдастырды.  

Ұйымдастырушылар жалпыұлттық акцияға үлес қосып, саябақ аумағын тазалап, ретке келтіріп қою басты мақсаттары екенін айтты.

«Таза Қазақстан» айлығы аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің шешімімен «Журналистер саябағын»  тазартып, әрі тамашалап қайтайық» деген ниет болды. Бұл факультетіміздің туған күнімен де тұспа-тұс келіп отыр. Факультетіміз 5 мамыр күні ашылған болатын. Осы бастамамызды кафедра меңгерушілері, оқытушылар, студенттер және 12 басылымның басын біріктірген «Қазақ газеттері» серіктестігі қолдап, оның ішінде «Егемен Қазақстан» газеті де бізбен бірге тазалық акциясына қатысып жатыр, - деді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Сақ.

Экоакция қатысушылары іс-шараның символикалық мән-маңызына да тоқталып өтті.

Осы жерде өтіп жатқан тазалық акциясының символикалық мәні бар. Өйткені бұл жерде тек «Журналистер саябағы»  ғана емес, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі орналасқан. Астанада ақпарат құралдарының атына  берілген екі көше болса, соның біреуі - осы. Ал екіншісі «Қазақ радиосы» көшесі екенін білесіздер. Мұның тазалық қана емес, мағыналық мәні бар іс-шара деуге болады. «Тазалық бар жерде адамның жаны таза, ауласы тазаның ауасы таза» деп жатады. Сондықтан бұл - тазалыққа, үлкенді сыйлауға шақыратын акция, - деді «Егемен Қазақстан» газетінің шеф-редакторы Қуат Әуесбай.

Барлық жаңалықтар