00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елімізде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталды

15.04.2024 | 16:36
73
оқушылар
фото: дереккөзден

15 сәуірден бастап Қазақстан мектептерінде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталды. Оған 2462 орта білім беру ұйымдарындағы төртінші және тоғызыншы сыныптардан 150 мың оқушы қатысады, деп хабарлады Elorda.info.

Су тасқыны жағдайына байланысты алты өңірде: Ақмола, Атырау, Ақтөбе, СҚО, Қостанай және БҚО-да ББЖМ өткізу 15 сәуірден 29 сәуірге ауыстырылады. Қалған өңірлерде  штаттық режимде өтеді. Мониторинг оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бағыттары бойынша компьютерлік кешенді тестілеу түрінде өтеді,  - деді Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Динара Абылканова.

Айта кетейік, ББЖМ 3 мамырға дейін жалғасады. Осы жылы тест тапсырмалары PISA, PIRLS, TIMSS сынды халықаралық бағалау жүйелерін ескере отырып жаңартылды. Қазір қазақстандық ББЖМ жүйесі халықаралық аккредиттеуден өтуде.

Барлық жаңалықтар