00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада Жеңіс күніне орай сарбаз ботқасы әзірленді

10.05.2024 | 09:01
95
Елордада Жеңіс күніне орай сарбаз ботқасы әзірленді
Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан

Астананың Үркер тұрғын алабында Жеңіс мерекесі кең көлемде атап өтілді, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұнда орналасқан әскери бөлімнің сарбаздары елорда тұрғындары үшін сарбаз ботқасын әзірледі, ал әскери оркестр танымал композицияларды орындады.

Әскери оркестрдің концерттік бағдарламасы елдің әнұранынан басталды. Патриоттық әндерді Ұлттық ұлан сарбаздары мен халық ансамбльдері шырқады. Концерт аяқталғаннан кейін қонақтар сарбаз ботқасынан дәм татты.

Іс-шараны ұйымдастыру үшін бір рота қойылды. Біз 2 шатыр тігіп, таң атқаннан сарбаз ботқасын дайындай бастадық. Бұл соғыс кезінде дайындалған тағам, - деді подполковник, №5573 әскери бөлім командирінің орынбасары Тимур Рахимов.

Дәстүрлі сарбаз тағамы әскерде  қолданылатын КП-130 арнайы техникасында дайындалды. Далада ыстық тағамды дайындауға және тасымалдауға арналған машинада бірінші, екінші тағам мен шай жасауға болады.

Бұл біз әскери бөліммен бірге ұйымдастыратын жыл сайынғы дәстүрге айналған іс-шара. Бүгін бізде Отан алдындағы қызметке бүкіл өмірін арнаған отставкадағы әскери қызметкерлер бар. Олар – өскелең ұрпақ үшін үлгі, - деп атап өтті Астана қаласы Нұра ауданы әкімінің бас инспекторы Жарқын Айтжанов.

 

Барлық жаңалықтар