00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Оразаға қатысты сұрақтар үшін Call-center жұмыс істейді

11.03.2024 | 11:23
96
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Рамазан айына дайындық туралы Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлы, Астана қаласының бас имамы Жүсіпов Ерболат Нұрылдаұлы мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ибраев Темірлан Дарханұлының қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info

Барша мұсылман қауымы үшін Қасиетті болып саналатын Рамазан айы биыл 11 наурыз бен 9 сәуір аралығында өтеді.

 «Ораза айт» мерекесі 10 сәуір күніне жоспарланған. Осы жылы ораза 30 күнге созылады. 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түн –  «Қадір түні» деп белгіленген. Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы бойынша 15 мешіт жұмыс істейді. 

Қазіргі таңда Астана қаласының әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қала бойынша өкілдігімен және тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесе дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.

Астана қаласы әкімдігі тарапынан 2024 жылдың 11 наурыз бен 9 сәуір аралығында тұрғындарды түнгі уақытта қоғамдық көліктермен қамтамасыз ету мақсатында елорданың ірі мешіттерінен автобустар сағат 22:00-ге дейін қатынайтын болады. Олар: «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті, «Садуақас қажы Ғылмани» мешіті, «Ырыскелді қажы» мешіті, «Рахымқызы Райса ана» мешіті,- деді спикерлер. 

Олар Рамазан айына қатысты сұрақтарға тәулік бойы «109» Call-center арқылы ақпарат алуға болатынын ескертті.

Барлық жаңалықтар