00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Отырып ойнайтын волейболдан қалалық чемпионат өтті

09.05.2024 | 16:37
105
Отырып ойнайтын волейболдан қалалық чемпионат өтті
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жеңіс күніне орай отырып ойнайтын волейболдан Астана қаласының турнирі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Соңғы жылдары елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында отырып ойнау волейболы қарқынды дамып келеді. Оның бір дәлелі, 2023 жылы Астана қаласында өткен Пара Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы араға 28 жыл салып,  Париж Паралимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды.

Елордамызда осы спорттың түрінің дамып жатқанына 7 жылдан астам уақыт өтті. Қазіргі уақытта ерлер, әйелдер, жастар, ардагерлер командаларымыз бар.

2023 жылы ерлеріміз Тараз қаласында өткен Қазақстан кубогында топ жарса, әйелдер құрамасы тек Астана қаласында ғана бар. Олар өткен жылы бірінші рет Пара Азия чемпионатына қатысып, 7-орынға тұрақтаған болатын. Ардагерлеріміз де Қазақстанда ТОП-3-ке кіреді, - деді Астана қаласының ерлер және әйелдер құрамасының бас бапкері Медеу Абенов.

Дәл қазіргі сәтте Астана қаласы бойынша 40-қа жуық кәсіби пара волейболшы бар.

24-31 мамыр күндері Астанамызда Қазақстан чемпионатының бірінші туры басталады.Бүгінгі турниріміз сол біріншілікке дайындық деп айтуымызға болады, - деді  М.Абенов.

Бүгінгі бәсекеде жалпы саны 4 команда өнер көрсетті.

2019 жылы наурыз айында Астана қаласында 3 автобустың соқтығысқанын барлықтарыңыз естіген боларсыздар.Міне сол жол-көлік апатында бір аяғымнан айырылдым. Алайда мұны сынақ деп қабылдап, алға ұмтылуды жалғастырдым. Мектеп кезде волейболды жақсы ойнаған едім. Көп ойланбай, 2020 жылы осы спорт түріне келдім. 4 жыл ішінде өзімды жақсы қырымнан көрсетіп, команданың капитаны атандым. Елімізде бізден басқа әйелдер командасы жоқ.Бірақ  біз чемпионатта ерлермен бірге сайысқа түсеміз. 2023 жылы алғаш рет Пара Азия чемпионатына қатысып, үлкен тәжірибе жинадық. Осы жылы бірінші рет Омбы қаласында өтетін халықаралық додаға қатыспақшымыз,  - деп, әйелдер командасының капитаны Фарида Кабулова өз ойымен бөлісті.

Айта кетейік, аталмыш пара спортшылар тек қана отырып ойнайтын волейболда ғана емес, пара каноэ, пара хоккей, бочча т.б бірнеше пара спорт түрлерімен айналысып келеді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

 

Барлық жаңалықтар