00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Студенттер арасында әскери-патриоттық турнир өтті

10.05.2024 | 15:56
105
Студенттер арасында әскери-патриоттық турнир өтті
Фото: Сұлтан Сейтов

Отан қорғаушылар күніне орай колледж студенттері арасында алғаш рет әскери-патриоттық сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен қаламыздағы ең көп 16 колледж ошағы орналасқан аймағында спорттық-патриоттық шарадан ең үздіктер анықталды.

Еліміздің көк туын желбірететін чемпиондар кішкентай кезінен қалыптасады. Бүгінгі шара да осы мақсатта колледж студенттері арасында ұйымдастырылып жатыр. Тек жеңімпаздар анықталып қана қоймай, студенттер салауатты өмір салтын қалыптастыруға да үлесін қосады.

Турнирдің ерекшелігі — спортпен қатар, әскери дайындықты да шыңдайды. «Неге бірінші рет өткізіліп жатыр?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Шамамен 2014 жылдары «Найза» атты патриоттық турнир өтетін. Міне, сол тоқтап қалған шараны жандандырып жатырмыз.

Тәжірибе ретінде өткізіліп жатқан осы іс-шара арқылы кем-кетіктерімізді байқап, алдағы жылдары қыздар, мектеп оқушылары, өзге аудандарды да қамтысақ деген ойымыз бар, — деді Сарыарқа ауданы бойынша бұқаралық шараларды ұйымдастыру дирекциясының қызметкері Көлбай Жанбек.

Бәсеке барысында 7 колледждің қатысушылары гір тасын көтеру, қол күрес, АК-74 автоматын толық емес шашу мен жинақтау, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағы мен газқағарды уақытқа кию, 2 шақырымға жүгіру, белтемірге тартылу, турникке тартылу сайысынан сынға түсті.

Былтыр еліміздегі танымал «Айбын» әскери-патриоттық жарысына қатысқан едім. Бұл жарысты «Айбынға» дайындық десе де болады. Өзіміздің шама-шарқымызды тексеріп алуға жақсы мүмкіндік, — деп Василий атты қатысушы өз ойын білдірді.

Жарыс қорытындысы бойынша Жоғары көлік және коммуникация колледжі топ жарса, екінші орынды Еуразия ұлттық университетінің колледжіне бұйырды. Үздік үштікті Сервис және туризм колледжі түйіндеді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Барлық жаңалықтар