00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Телефонмен сауда жасау үшін «төлем» деген тиімді функция шығады

24.02.2023 | 18:05
Елорда ақпарат
53

«Қазір мобильді қосымшаны пайдаланатындарда бір ғана «аудару» жолы бар. Енді «төлем» деген тағы бір әдіс пайда болады. Жай ақша аудару тек таныс-туыстар арасында жүреді. Ал төлемдер дегені тауар және қызмет үшін төленеді. Ол қолма-қол ақша немесе картамен төлегенмен бірдей», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, бұл тәртіп кәсіпкерлер үшін артық жүк болмайды. Демек салық ставкалары, төлеу мерзімі, есеп ұсыну тәртібі өзгеріссіз қалады.

«Сіз аударым жасасаңыз, тұтынушы ретінде құқығыңызды қорғай алмайсыз. Яғни, тауарды немесе қызмет түрін сатып алып жатқан жоқсыз. Егер сатып алсаңыз, чек беріледі. Яғни оның тауар немесе қызмет үшін жасалған төлем екенін көрсетесіз. Кейін тұтынушы ретінде тауардың сапасына талап қойып, оны қайтара аласыз. Өйткені жеке кәсіпкердің төлемді аударым түрінде қабылдап, мұны салық есебінде көрсетуі екіталай», - деді вице-министр.

Барлық жаңалықтар