00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада балалар автобуспен 4 жылда 86 млн рет тегін қатынаған

29.03.2024 | 09:09
Елорда ақпарат
60
автобус, оқушылар
фото: gov.kz

Елордада қоғамдық көліктерде 2020 жылдың 28 наурызынан бүгінге дейін 18 жасқа дейінгі жолаушылар 85 988 426 рет тегін қатынаған. Бұл туралы Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

CTS компаниясы автобуста мектеп көлік картасын валидациялаудың маңыздылығын ескертті.

Автобуста картаны валидациялау:

- автобустар санын көбейтуге, маршруттарға бөлуге, жаңа бағдарларды іске қосуға, жолаушылар ағынын көруге септеседі;

- қажет болған жағдайда, баланың сапарларын қадағалауға көмектеседі. Әсіресе бұл баланың қауіпсіздігі үшін маңызды.

Құрметті ата-аналар! Сіздерден балалардың қоғамдық көлікпен жүрер алдында мектеп көлік картасының бар-жоғын қадағалауды сұраймыз, - делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Барлық жаңалықтар