00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада студенттер мен оқушылар арасында эстафета жарысы өтеді

04.05.2024 | 08:32
94
Астанада студенттер мен оқушылар арасында эстафета жарысы өтеді
Фото: дереккөз

6 мамыр күні Триатлон саябағында астаналық мектептердің 8-11 сынып оқушылары және ЖОО студенттері арасында Жеңіс күніне арналған жеңіл атлетикалық эстафета жарысы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Эстафета жарысына спорттық дайындығы бар және медициналық тексеруден өткен оқушылар мен студенттер ғана қатыса алады. Команда өкілдерінің эстафетаға қатысуға басшы мен дәрігер куәландырған өтінімі болуы қажет.

Барлық қатысушыларды жарысқа жіберудің міндетті шарты алдын ала дәрігерлік тексеруден өту және мандаттық комиссияға өтінім беру болып саналады.

Жарыстың өтетін уақыты: сағат 15.00.

Барлық жаңалықтар