00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

«RoboZerde -2024»: Елордада республикалық робототехника фестивалі өтеді

10.05.2024 | 09:28
146
Hобототехника
фото: ашық дереккөз

11 мамыр күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2024»  I республикалық робототехника фестивалі өтеді, деп хабарлады Elorda.info университеттінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Технократ оқушылардың алғашқы республикалық сайысы 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі арасында Астанада  өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының құрметіне ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық спортты насихаттауға арналады. Еліміздің жиырма аймағынан және Қырғыз Республикасынан шақырылған екі жүзден аса фестивальге қатысушы мектеп оқушылары робототехниканың  «РобоСпорт» бағытының төрт санаты бойынша және «Шығармашылық жоба»  бағыты бойынша «Мәдени мұра және инновация» деген санатта сайысқа түседі.   

Фестивалді өткізудің мақсаты, өмірден ерте озған дарынды оқушы, физика, робототехника салалары бойынша республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жас ақын Әлихан Серікзатұлы Мақсұттың ғибратты ғұмырын мектеп оқушыларына үлгі ете отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауларында айтылған елімізге қажетті болашақ техник мамандарды дайындауға қолдау көрсету. Оқушылардың жасаған инновациялық жобаларын, өнертабыстарын БАҚ және әлеуметтік желі арқылы халыққа кеңінен насихаттау.

Жарыстың ашылу салтанатының алдында белгілі кинорежиссер Мұрат Есжан түсірген «Әлиханның арманы» деректі фильмінің көрсетілімі болады.

Барлық жаңалықтар