00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

13 жыл бойы іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды

03.11.2023 | 07:30
83
Фото: ашық дереккөз

Павлодарлық жедел уәкілдер 13 жыл бойы іздеуде жүрген әйелді ұстады, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жедел уәкілдер 67 жастағы әйелді ұстады, ол алаяқтық жасағаны үшін соттан жасырынған. 

2006 жылы Алматы қаласында кәсіпкер ханым мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді ресімдеу бойынша қызметтерді ұсына отырып, бір әйелді 36 миллион теңгеге алдаған. Күдіктінің уәделерінен әбден көңілі қалған жәбірленуші шыдамы таусылып, полицияға жүгінген. Ал 2010 жылдан бері күдікті мүлде жоғалып кеткен. 

Күдікті іздестірілді. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел қызметкерлер Екібастұз қаласында күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Іздестіру бастамашысына ұсталғаны туралы хабарланды, – дейді Павлодар облысының Полиция департаменті.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық құқық бұзушыларды іздестіру жұмыстары полиция басшылығының ерекше бақылауында. Тек осы жылы павлодарлық жедел уәкілдер 126 қылмыскерді іздестірді. 

Барлық жаңалықтар