00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Соққыға жығылған актриса Әсел Асқар істің немен тынғанын айтты

09.10.2023 | 10:00
46
Фото: assel.askar

Актриса Әсел Асқар осыдан біраз уақыт бұрын Алматыдағы фитнес-залда соққыға жығылғанын мәлім еткен болатын. Блогер Instagram парақшасында істің немен аяқталғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Желі қолданушысының бірі актрисадан "Жаттығу залындағы болған оқиға немен аяқталды?", - деп сұраған. Ал Әсел Асқар өзін соққыға жыққан спортшы жігітпен татуласқанын жеткізді.

 "Ол қоғамдық жерде менің ар-намысыма тигені үшін заң алдында жауап берді. Кейін ол кешірім сұрады. Мен оның кешірімін қабыл алдым. Сонымен қатар мен де кешірім сұрадым. Жанжал шешілді", - деді Әсел Асқар. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін актриса әрі блогер Әсел Асқар Алматыдағы фитнес клубтардың бірінде белгісіз ер азамат өзін қорлап, соққыға жыққанын мәлім еткен болатын. 

аселлл.jpg

Барлық жаңалықтар