00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Боксшыларымыз Бакудегі турнирде үш алтын жеңіп алды

29.03.2024 | 08:51
55
Боксшыларымыз Бакудегі турнирде үш алтын жеңіп алды
Фото: дереккөз

Қазақстандық боксшылар Бакудегі (Әзербайжан) халықаралық турнирді үш алтынмен аяқтады, деп хабарлады Elorda.info

Финалда бес қазақстандық боксшы жұдырықтасып, оның үшеуі алтын медаль жеңіп алды.

Талғат Сырымбетов (60 келі) әзербайжандық Азрак Бабыровты, Дархан Дүйсебай (71 келі) өзбекстандық Бекзод Хамидовты, Сағындық Тоғамбай (92 келі) Олимпиада жүлдегері Альфонсо Домингесті жеңді. 

Ақтық сынға түскен тағы екі спортшымыз 48 келідегі Теміртас Жүсіпов әзербайжандық  Хасан Маликовтен, Тимур Қабдешов (54 келі) өзбекстандық Хожаназар Нортожиевке жол беріп күміс медальді місе тұтты.

Тағы бір былғары қолғап шеберіміз Бекзат Таңатардың (86 келі) еншісінде қола медаль бар.

Барлық жаңалықтар