00:00
Астана -10oC
USD:
440.9
EUR:
475.95
RUB:
4.82
Іздеу

Джо Байден шалынып кетіп, оңбай құлады

02.06.2023 | 22:00
122
Фото: видеодан скриншот

АҚШ Президенті Джо Байден Колорадо штатында Әскери-әуе күштері академиясының түлектерін құттықтау кезінде шалынып, құлап қалды, деп хабарлады Elorda.info.

New York Post басылымының жазуынша, АҚШ Президенті сахнада жатқан құм дорбасына шалынып қалған. Осы кезде полицейлер дер кезінде жетіп келіп, Байденді аяғынан тұрғызуға көмектесті.

Айта кетсек, АҚШ-тың Әскери-әуе күштері академиясы Колорадо штатында орналасқан. Бұл жерде америкалықтар ғана емес, дүниежүзінің барлық азаматы білім ала алады. 

Академияда Қазақстанның да бірнеше студенті оқыған.

Барлық жаңалықтар