00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Биыл Астанада 50-ден астам көше жөнделеді

24.03.2024 | 20:44
127

Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info 

«Елорданы аралау барысында қаланың барлық ауданына барып, биылға арналған жоспарларын белгіледік. Биыл жол жөндеу жұмысы ертерек басталады. Ұзындығы 60 км болатын 50-ден астам көшені жөндеуді жоспарлап отырмыз.

Сол сияқты 20-дан астам ірі нысан бар. Олардың бір бөлігін биыл аяқтаймыз, тағы бір бөлігінің (көшелер, жол айрықтары, көпірлер және т.б.) құрылысын биыл бастаймыз. Сондай-ақ, тротуарларды, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдарды, аялдама қалтарыстарын, пандустарды және т.б. жабдықтауды жоспарлап отырмыз.

Ең алдымен көлік көп жүретін, жаңа әлеуметтік нысандар (кірме жолдар) бар орындарда, сонымен қатар елді мекендерде жолдар жөнделіп, салынады. Құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатқан аудандарға тоқталар болсам, онда инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үйлердің құрылысы аяқталғаннан кейін ғана жолдар салынады; оған дейін жауапты басқарма уақытша төсеммен қамтамасыз етуі керек,- деп атап өтті елорда әкімі.

Сонымен қатар ол  су тасқынының алдын алу үшін қалада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Сондай-ақ, қазір коммуналдық қызметтер су тасқынына қарсы белсенді жұмыс жүргізіп жатыр: қар шығару, коллекторларды, науа-арық желісін, бақылау және жаңбыр қабылдау құдықтарын тазалау және т.б.,- деп жазды Ж. Қасымбек.

Барлық жаңалықтар