00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Сарыарқа ауданында бір мезетте 70-ке жуық ағаш отырғызылды

06.10.2023 | 12:00
62
фото: қалалық әкімдіктен

Бүгін Астанада «Өз ағашынды отырғыз» атты әлеуметтік акция өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараны «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» мен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы бірлесіп ұйымдастырды. Оған Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары және көпбалалы отбасылар қатысты. 

WhatsApp Image 2023-10-06 at 17.31.06.jpeg

Мұндай акцияның мақсаты – отбасыларды қоғамдық іске араластыру, балаларды еңбекке баулу, табиғатты құрметтеу, жауапкершілікті сезіну. Қазіргі еккен тал-шыбық, ертең жапырағы жайқалған ағаш, одан әрі көрікті орман болатыны белгілі. Сол кезде бұл ағаштардың саясында немере-шөберелеріміз демалып, ойнайтын болады. Таза экология, таза қала мұның барлығы – жарқын болашағымыз үшін. Дана қазақ «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деп ағаштың адамзатқа берер пайдасын ерекше атап өткен, - деді Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық комиссиясының хатшысы Қарлығаш Саркенова. 

WhatsApp Image 2023-10-06 at 17.31.05 (1).jpeg

Игі іске қатысушылар бір мезетте 70-ке жуық ағаш отырғызды. Жер бөліп, ағаш отырғызуға «Сарыарқа» ауданының әкімдігі қолдау көрсетті. 

Іс – шараның басты мақсаты-қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардағы балаларды экологиялық тәрбиелеу. Сол арқылы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, ортақ істе отбасының бірлігін арттыру. Сонымен қатар балаларды еңбекке баулу және де қоршаған орта мен табиғатты аялау әр адамның жауапкершілігі екенін сезіндіру.

WhatsApp Image 2023-10-06 at 17.31.04.jpeg

Сабина КӘКІМЖАН

Барлық жаңалықтар