00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Құжатсыз жүрген қытайлықтар анықталды

23.11.2023 | 15:00
25
Фото: Polisia.kz

Атырау облысында құжатсыз жүрген 4 Қытай азаматы анықталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысы аумағында құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. 

Іс-шара барысында Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімі және қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, 22 қараша күні сағат 10:30 шамасында Атырау қаласы Каспий ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін тексеру кезінде Қытай Халық Республикасының 4 азаматының жеке басын анықтайтын төлқұжаты жоқ екенін анықтаған.



Аталған шетел азаматтары қабылдау-тарату орнына орналастырылып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-тармағы (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган өз бетінше жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, ҚР-да еңбек қызметін жүзеге асыруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің инспекторлары жинақталған іс-құжаттарды сотқа жолдап жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Барлық жаңалықтар