00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жүрек шаншып ауырса не істеу керек

31.03.2023 | 22:38
Елорда ақпарат
1 986

Кардиолог жүректің шаншуы жүрек ауруына байланысты болмауы мүмкін екенін айтады, деп хабарлады Elorda.info Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Жүректің шаншу себептері

Жүректің шаншуы – бұл өте жиі кездесетін симптом, бірақ жүрек-қан тамырлары патологиясына ғана тән емес. Көбіне бұл жағдай жүйке жүйесінің бұзылуымен, тірек-қимылдың зақымдануымен, асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінің ауруларында кездеседі, - дейді кардиолог Екатерина Миронова.

Оқи отырыңыз: Жүрекке пайдалы тағамдар

Сондай-ақ жүрек аймағындағы шаншу көбіне психо-эмоционалды шамадан тыс жүктеу кезеңінде пайда болады.

Не істеу керек?

Жүрек кенет шаншыса  абдырамай жай ғана отырып немесе жатып демалу керек.  Оттегінің мол болуы маңызды. Ол үшін терезені ашып, белдікті шешіп, жейденің түймелерін ағытыңыз. Сондай-ақ, бірнеше минут ішінде сіз тыныс алуыңызға реттеп, мұрныңызбен баяу терең дем алып, содан кейін аузыңызбен баяу дем шығаруыңыз керек, - дейді дәрігер.

Сондай-ақ шаншуды тоқтату үшін кез келген ауырсынуды басатын дәрілерді ішуге болады дейді дәрігер. Мүмкіндігінше қысым мен импульсті тексеріңіз.

Егер сізде жоғары, әдеттен тыс төмен қан қысымы немесе жүрек соғу жиілігі болса, медициналық көмекке жүгініңіз. Дәрі-дәрмектерді өздігінен қабылдау қауіпті болуы мүмкін, - деп ескертеді кардиолог.

Дәрігердің айтуынша, жүректің қалай ауырғаны да маңызды.

Жүрек аймағындағы ауырсынудың сипаты симптомды тудырған ауруға байланысты, - дейді Екатерина Миронова.

Сондай-ақ асқазан мен өңештің ауруы кезінде де жүрек шаншиды.

Егер жүрек аймағында ауырсыну болса, әсіресе, симптомдар сізді үнемі мазалайтын болса, мүмкіндігінше тезірек маманға хабарласып, тексеруден өту керек. Сізге электрокардиография, жүректің ультрадыбыстық зерттеуі, кеуде қуысының рентгенографиясы, қан анализінен өту керек, - дейді Екатерина Миронова.

Барлық жаңалықтар