00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау қажеттігін айтты

30.04.2024 | 15:42
108
Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау қажеттігін айтты
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев уәкілге бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеу қажеттігін айтты. Сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді,- деп жазды дереккөз.

Барлық жаңалықтар