00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада Игілік көшесінің учаскесі ішінара жабылады

29.04.2024 | 21:05
107
Жол жабылады
фото: gov.kz

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Игілік көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты осы жылдың 30 сәуірінен 6 мамырына дейін Жаңажол көшесінен Тайбұрыл көшесіне дейінгі Игілік көшесінің учаскесі ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.

Барлық жаңалықтар