00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын

29.08.2023 | 08:39
445
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығы тексерілді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев №59-шы мектеп лицейіне барды. Арнайы бастауыш сынып оқушылары үшін салынған қосымша ғимараттың құрылысы 9 ай бойы жүргізілген. Ғимаратта әр сынып толық жабдықталып, балаларға жайлы жағдай жасалған.  

WhatsApp Image 2023-08-29 at 12.17.31.jpeg

Басқарма басшысы Қасымхан  Сенғазыевтың сөзінше, №59 мектеп лицейі осы уақытқа дейін үш ауысымдағы мектептердің қатарында болған. 

Бұл мектеп осыған дейін үш ауысымды мектеп болды. Жанына қосымша ғимарат салынған соң мәселе шешілді. Өздеріңіз көріп отырғандай, мұнда тек бастауыш сынып оқушылары білім алады. Кезінде бір сыныпта 35-37 бала отырса, жаңа оқу жылынан бастап 25-28 оқушыға дейін отыратын болады. Қазір қалада 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде  4 мектеп жаңа оқу жылында ашылады. Одан бөлек,  «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 24 мектептің құрылысы басталуда. Бүгінде мектептердегі орын тапшылығы 26 мыңды құрап отыр.  Екі-үш жылдың ішінде үш ауысымды 8 мектеп пен оқушы саны шамадан тыс 18 мектептің мәселесі толығымен шешілетін болады,- деді ол.

Аталмыш білім ордасында 4600 оқушы бар. Оның ішінде 500 бүлдіршін 1 қыркүйекте мектеп табалдырығын аттайды. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім ошағында мұғалім тапшылығы жоқ, барлығы 230 ұстаз қызмет етеді.   

WhatsApp Image 2023-08-29 at 12.17.32.jpeg

Бүгінде елордада мектептердің барлығы жаңа оқу жылына 100 пайыз дайын. Олар бірінші категориялы лицензияланған күзет фирмаларымен келісім-шарт жасап, бейнебақылау камераларымен толық жабдықталған. Басқарма басшысының мәліметінше, бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. 

Биыл жазда барлық мектептерге бірыңғай ас мәзірі мен оларды дайындау технологиясы бойынша тізім жасалды. Бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған 5-11 сынып оқушылары үшін де тегін тамақ беріледі. Одан бөлек, биыл қалаға 800 мыңнан астам оқулық пен 60 мыңнан астам көркем әдебиет сатып алынды. Мектептер 100 пайыз оқулықтармен әдістемелік құралдармен қамтылған,- деді басқарма басшысы.

WhatsApp Image 2023-08-29 at 12.17.34.jpeg

Әріқарай басқарма басшысы № 96-шы мектеп-гимназияның жаңа оқу жылына дайындығымен танысты. Жаңадан салынған білім нысаны бір ауысымда 1200 баланы қабылдайды. Мектепте мамандандырылған пәндік сыныптар, робототехника және STEM, инклюзияны қолдау кабинеттері бар. Сондай-ақ, кәсіптік дайындық сыныбы, кітапхана мен спорт зал бар. Мерекелік шаралар өтетін акт залы да кең. Мектеп асханасы 400 балаға арналған. 

WhatsApp Image 2023-08-29 at 14.34.27 (1).jpeg

Барлық жаңалықтар