00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл Сарыарқа ауданында 30 аула жөндеуден өтеді

30.04.2024 | 16:01
97
Биыл Сарыарқа ауданында 30 аула жөндеуден өтеді
фото: instagram/ saryarqa.audany

«Сарыарқа» ауданында «Халық қатысатын бюджет-2024» бағдарламасының дауыс беру кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Дауыс беру кезеңіне өткен 63 жобалық ұсыныстың 30-ы қолдау тапты. Тұрғындардың дауыс беруі нәтижесінде 40 пәтерге дейін үйлер арасында - 9 аула және 100 пәтерге дейінгі үйлер арасында 11 аула, 100-ден астам пәтері бар 10 аула іріктеліп алынды.

Бүгіннен бастап балалар алаңын жаңарту және абаттандыру жұмыстары басталады.

Абаттандыру жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. Абаттандыруға ауланы толық жөндеу, асфальт төсеу, шағын сәулет формалары, балалар алаңдары мен спорттық жабдықтарды орнату кіреді, - деді Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, дауыс беру кезеңінен өтпеген 33 жоба 2025 жылы іске асырылады.

Барлық жаңалықтар