00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада робототехникадан халықаралық чемпионат басталды

02.05.2024 | 15:17
126
Елордада робототехникадан халықаралық чемпионат басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Robotek Grand Tournament халықаралық чемпионаты басталды. Екі күнге жалғасатын шара «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Robotek» компаниясының ұйымдастыруымен өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Чемпионатқа Robotek Grand Tournament  облыстық турнирінің жеңімпаздары қатысып жатыр. 10-17 жас аралығындағы 200-ден астам оқушы «Robotek», «Мерген», «Кері сызықпен жарыс», «Жалауды жеткізу», «Робот – жеткізуші» және «Робот – дәнекерлеуші» деген 7 номинация бойынша сынға түседі.

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының директоры Жанар Бейсенбаеваның айтуынша, бұл чемпионат біздің елімізде 3 жылдан бері өтіп келе жатыр.

Бастапқыда қалалық турнир ретінде басталған болатын, өткен жылы республикалық деңгейде өткіздік. Ал биыл Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан балалар қатысып, халықаралық деңгейге шықтық. Болашақта өзге де мемлекеттердің оқушыларын қатыстыруды жоспарлап отырмыз. Робототехника әлемдегі бірінші орындағы сала, сондықтан турнир жеңімпаздары болашақта еліміздің дамуына өз үлестерін қосады деп санаймын. Астананың намысын  №8 мектеп-лицей, №22 мектеп-гимназия, Экономикалық лицей, Skillset, Talant school, STEAM school және Milestones school мектептерінің оқушылары қорғап жатыр. Жалпы бұл чемпионатқа Қазақстаннан 219, ал шетелден 19 оқушы келді, - деді іс-шараның ұйымдастырушысы.

Әрбір санат бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен димломдар беріледі. Сонымен қатар арнайы номинациялар бойынша сыйлықтар тағайындалған. 

«Робот – жеткізуші» номинациясы бойынша қатысып жатқан астаналық оқушы Глеб Листопадний роботын осы жарысқа қатысу үшін ұзақ уақыт бойы дайындағанын айтты.

Бұл турнирге биыл екінші рет қатысып отырмын. Өте қызықты турнир, қарсыластарымның барлығы мықты, бәрі жеңіске жеткісі келеді. Бұл чемпионатта марапатқа ие болу – үлкен жетістік. Қатысушылар керемет роботтарын алып келген және өзінің мықты екенін дәлелдегісі келеді. Былтыр «Робот-биатлон» номинациясы бойынша 2-орын алған едім. Биыл 1-орын алуға тырысамын. Менің осы қызығушылығым болашақ мамандығымды таңдауға ықпал етеді деп ойлаймын, - деді Talant school мектебінің оқушысы.

Robotek Grand Tournament  алаңында түркітілдес елдердің робототехника мектептері арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылады.

Robotek Grand Tournament чемпионатына Allur автомобильдік компаниясы мен «Sana Sport» отбасылық-спорттық орталығы демеушілік жасады.

Чемпионат жеңімпаздарының біріне Қазақ – британ техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар мен инженерия мектебінде оқуға грант беріледі.

Барлық жаңалықтар