00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астана әуежайы күшейтілген режимге көшеді

01.05.2024 | 13:07
107
Астана әуежайында авиациялық қызмет күшейтілген режимге көшеді
Фото: уикипедия

Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі күшейтілген режимге көшеді, деп хабарлады Elorda.Info әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің жарлығына сәйкес Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі күшейтілген режимге көшеді. Осыған орай елорда әуежайының халықаралық (Т1) және ішкі ұшулар (Т2) терминалдарының кіреберісіне (бірінші линиялары) тексеру аппараттары орнатылды. Астана халықаралық әуежайы арқылы ұшу/ұшып келуді жоспарлаған жолаушылар мен шығарып салушылардан тексерістен өтер кезде әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің талаптарына құлақ асуды және бұлжытпай орындауды сұраймыз, - делінген әуежайдың Telegram-дағы ресми арнасында.

Астана әуежайының өкілдері тексерістен өту процедуралары қосымша уақыт қажет ететінін ескерте отырып, рейсті сәтті орындау үшін әуежайға ертерек баруға кеңес береді.

Барлық жаңалықтар