00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордалықтарға мерекелік бауырсақ таратылды

01.05.2024 | 12:05
132
Елордалықтарға мерекелік бауырсақ таратылды
Фото: дереккөз

Бүгін 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай елордалықтарға бауырсақ пен тәтті таратылды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы “Астана жастары” жастар ресурстық орталығымен бірлесе отыра бірлік пен татулықтың мерекесінде “Бауырсақ біріктіреді” атты акцияны ұйымдастырды.

Бүгінгі шуақты күні волонтерлер астаналықтар мен қала тұрғындарын осынау мерекемен құттықтап, қазақтың ежелгі салтының негізінде дәм ауыз тигізді.  Сөйтіп, Көпшілік көп шоғырланатын жерлер мен аялдамаларда елордалықтарға 10 келідей бауырсақ пен тәтті таратылды’- деді Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы қызметкері Дамир Айтымов. 

Қашанда жақсы істің басы-қасында жүретін волонтерлердің бірі қазақстандықтарды бүгінгі жарқын мейраммен құттықтады.. 

Қазақстандықтарды осы этносаралық бірлік пен келісім мерекесімен құттықтаймын. Біз бүгін ұлттық тағамымыз - бауырсақ тарату арқылы халқымызды біртұтастыққа шақырып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін нығайтпақпаз, - деді волонтер Давид Шарипов. 

Елордалықтар да мерекелік тартуға жадырап, өздерінің ақжарма тілектерін жаудырды. 

Барлық жаңалықтар