00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Таза Қазақстан: Астанада Ақбұлақ арнасының айналасы тазартылды

07.05.2024 | 15:53
130
сенбілік
фото: Мария Конюхова

Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл апта «Мөлдір бұлақ» деп аталады, оның барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады. Экоакция аясында Индустриалды парк кәсіпорындарының 300-ден астам қызметкері Инвестициялар және даму басқармасымен бірлесіп, Астана қаласының кәсіпорындарымен бірге Ақбұлақ арнасын қоқыстан тазартты, деп хабарлады Elorda.info.

Экоакция Ақбұлақ өзенінің бойында жүргізілді. Ақбұлақ – елорда тұрғындары демалатын және спортпен шұғылданатын орындардың бірі.

Біз ақылдаса келе дәл осы орынды таңдадық. Туыстарымызбен серуен құратын су арнасының айналасы таза болғанын қалаймыз. Бүгін экоакцияға түрлі кәсіпорындардағы әріптестерім қатысып жатыр және таңертеңнен бастап біз Ақбұлақ арнасының аумағын қоқыстан тазалап жатырмыз, - деді кәсіпорын қызметкері Асыл Рыспаев.

Оның айтуынша, мұндай экоакциялар тұрақты негізде жүргізіледі. Экоакцияға қатысушылар санаулы сағатта өзеннің айналасын тазалап, бірнеше қап қоқыс жинап, тазалыққа үлес қосты.

Естеріңізге сала кетейік, экоакция басталғаннан бері кәсіпкерлік нысандардың 5 мыңнан астам өкілі – кәсіпорындар, шағын және орта бизнес субъектілері, сауда орталықтары, салондар, кафелер, дүкендер, басқа да жеке компаниялар мен ұйымдар өз объектілеріне іргелес аумақтарда тазалық жұмыстарын жасады.

Сонымен қатар, әкімдік елордалық кәсіпкерлер үшін жыл бойы тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша ұсыныстары бар чек-парақтар әзірледі. Ұсыныстар жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ескере отырып өзгереді. Сондықтан олар төрт форматқа бөлінеді: көктем, жаз, күз және қыс.

Мария Конюхова

Барлық жаңалықтар