00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«Туысқаның жол көлік оқиғасына түсті»: Елордада алаяқ курьер сотталды

29.04.2024 | 16:43
103
«Туысқаның жол көлік оқиғасына түсті»: Елордада алаяқ курьер сотталды
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды мұқият болуға және өзінің ақша қаражатын бейтаныс адамдарға бермеуге, мұндай фактілер туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады, деп хабарлады Elorda.info.

Соңғы уақыттары телефон арқылы алаяқтар азаматтардың ақшалай қаражаттарын иемденіп алу үшін курьерлерді пайдаланатын жағдайлар жиілеп кеткен.

Алаяқтар телефонмен әртүрлі сайттарға курьерлік жұмысты ұсынып өздерінің нұсқауы бойынша әрекет ете отырып, оларға белгілі бір ақыға қылмыстық жолмен алынған қаражатты аударуы туралы жарнамаларды орналастырып отырған.

Үкіммен анықталғандай, алаяқ жәбірленушіге оның қызының адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасын жасағанын және істі оң шешу үшін оған ақша қаражатын аудару қажет екенін айтқан.

Осындай схема бойынша 1 млн теңгеден астам ақша қаражатын иемденіп, 2 жәбірленушіні алдаған.

Курьер ретінде елорданың 27 жастағы тұрғыны жұмысты Telegram-арнасы арқылы хабарландырудан тауып, қылмыстық топтың сыбайласы болған.

Кінәлі ақшаны алып, өзіне ақшаның 10% қалдырып, қалған соманы белгісіз тұлғалардың есепшотына жіберіп отырған.

Сот үкімімен сотталушы жәбірленушілердің пайдасына материалдық шығынды өндірумен сотталды, - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Қылмыстық топтың сыбайластарына қатысты, оның ішінде, қылмысты ұйымдастырушыға қылмыстық іс жеке өндіріске бөлініп, оны анықтау және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша барлық шаралар қабылдануда.

Барлық жаңалықтар