00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

01.05.2024 | 12:07
127
Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
Фото: дереккөз

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында елорда тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан халқының Бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Қазақстан халқының Бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мамырдың алғашқы күні – түрлі ұлттар мен ұлыстар бір шаңырақ астында өмір сүріп, еңбек ететін көпұлтты еліміздің достығы мен бейбітшігінің символы. Көпұлтты ел болу – біздің байлығымыз, бірлігіміз – басты күшіміз.

Жұдырықтай жұмылып, ортақ мақсатқа ұмтылғанда ғана даму мен игілікке жету жолында кез келген қиындықты еңсереміз. Біздің өзара қолдауымыз бен татулығымыз қоғамдағы барлық саланың дамуының сенімді іргетасы болмақ.

Баршаңызға шын жүректен татулық, бақ-береке, бастамаларыңыз сәтті орындалуын тілеймін! Әрбір күндеріңіз қуанышқа, жетістіктерге және жаңа мүмкіндіктерге толы болсын!- деп құттықтады Астана қаласының әкімі. 

Барлық жаңалықтар