00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада Қазақстан-Қытай саяси консультациялары өтті

26.04.2024 | 17:42
128
фото: gov.kz

Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өтті. Қазақстандық тарапты ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев, Қытай делегациясын ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Сунь Вэйдун басқарды, деп хабарлады Elorda.info СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Консультациялар барысында тараптар екі елдің саяси саладағы ынтымақтастығын қорытындылап, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдасу салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар ғылым мен технология, оның ішінде ақпараттық технологиялар, энергетика, медицина және ауыл шаруашылығы салаларында тәжірибе алмасуды жандандыруға ниетті екенін білдірді.

Делегация басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, 2024 жылы аса жоғары және жоғары деңгейлерде өтетін алдағы іс-шараларға дайындық барысын қарастырды.Екі тарап халықаралық және өңірлік құрылымдарда, соның ішінде БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, сондай-ақ «Орталық Азия – Қытай» форматында тығыз үйлестіруді жалғастыруға дайындығын растады, - делінген хабарламада.

Іс-шара соңында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы берік достық пен өзара тиімді ынтымақтастық негізіндегі мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейілділігін атап өтті.

Барлық жаңалықтар