00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанадағы экоакцияға 70 елшілік пен халықаралық ұйым қызметкерлері қатысты

25.04.2024 | 20:02
87
 Астанадағы экоакцияға 70 елшілік пен халықаралық ұйым қатысты
фото: gov.kz

Елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл апталық «Жасыл аймақ» ұранымен ағаш отырғызу, ақтау, т.б. шараларға арналып отыр. Экоакцияға 70-ке жуық шетелдік елшіліктер мен халықаралық ұйымдар қолдау көрсетті, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Олардың арасында Жапония, Түркия, Ресей, т.б. елдердің елшілік қызметкерлері ағаш отырғызып, аумақты абаттандыру жұмыстарына атсалысты. 

«Қалада жұмыс істеп, тұрып жатқан уақытымда елорданың қалай дамып, көркейіп келе жатқанын көріп жүрмін. Әрбір тұрғынның тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге қалай үлес қосып жатқанын көру қуантады. Біз өз кезегімізде достарымыз бен көршілеріміз үшін өте қуаныштымыз. Сонымен, бүгін экологиялық акцияға қолдау көрсете отырып, «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» деп көшет егіп жатырмыз. Осы сәтті пайдалана отырып, барлық елорда тұрғындары мен қонақтарына зор денсаулық және тамаша көктем тілеймін», - деді Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин.

Экоакцияға қатысушылар өз аумақтарын белсенді түрде көгалдандырды.

«Кең ауқымды экологиялық науқан аясында біз жасыл желектерді, атап айтқанда 25 үйеңкі көшеттерін отырғызу жұмысын жүргіздік. Айта кетерлігі, «Жасыл аймақ» апталығы 11 мамырға дейін жалғасып, ағаш отырғызу мен ақтауға арналған», - дейді өндірістік-техникалық бөлімнің бас маманы Нұрберген Нұрмұхамбет.

Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экологиялық акция аясында қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық орындар мен аулаларды тазалау жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-баптау және көгалдандыру, сауда нысандарына іргелес аумақтарды тазалау, көгалдар мен гүлзарларды ретке келтіру, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою және т.б. жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар